4.10.2016, 11:19
Оқылды: 23

Қоғамдық кеңес отырысы

????????????????????????????????????

 Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының тәуелсіздік залында аудандық қоғамдық кеңестің VІIІ отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі С.Әлиев, мәслихат хатшысы С.Рахимов, қоғамдық кеңес мүшелері мен мекеме басшылары қатысты.


  Отырысқа аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Тасмағамбетов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде бес мәселе қаралып, талқыланды. Бірінші мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Айтмағамбетов аудан көлемінде атқарылған жол жөндеу жұмыстары жөнінде есеп берді. Екінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысы Л.Тастамбекова «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар жайында баяндама жасады. Ал, келесі сұрақ бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Шүкіров «2016 жылға өтініш беру мерзімдерін белгілеу туралы» әкімдік қаулысының жобасын таныстырды. Комиссия мүшелері бұл жобаны қолдап, бірауыздан мақұлдады. Сонымен қатар, төртінші және бесінші мәселе бойынша мәслихат аппаратының басшысы Т.Ержігітова «Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар жөнінде шешім жобасын ұсынды. Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері әрбір жобаларды талқылап, сұрақтар қойып, өз ойларын білдіріп, шешім мен қаулы жобаларын бір ауыздан қолдады.

М.ӘЖІҒАЛИЕВ

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале