27.10.2026, 21:00
Оқылды: 62

​Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барады

ҚР Президентінің кеңесшісі Айбек Смадиярдың мәліметінше, 28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады.

InShot_20261027_185723351

Фото: istockphoto.com

​Сапар барысында Анкара қаласында екі ел басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысып, түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау шараларына қатысады деп жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале