Оралда бейтаныс үйдің есігін қаққан ер адам ұсталды
27 Қыркүйек 2023

Оралда бейтаныс үйдің есігін қаққан ер адам ұсталды

Орал әуежайында аэродром жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Қыркүйек 2023

Орал әуежайында аэродром жұмысы уақытша тоқтатылады

Жыл басынан бері 6 бала өрттен қайтыс болды
27 Қыркүйек 2023

Жыл басынан бері 6 бала өрттен қайтыс болды

БҚО-да әскери оқу-жаттығу  өтті
27 Қыркүйек 2023

БҚО-да әскери оқу-жаттығу өтті

БҚО-да белгілі бапкерге құрмет көрсетіліп, жаңа көлік берілді
27 Қыркүйек 2023

БҚО-да белгілі бапкерге құрмет көрсетіліп, жаңа көлік берілді

Орал қаласының тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол ережесін бұзған
27 Қыркүйек 2023

Орал қаласының тұрғыны үш күн ішінде 23 рет жол ережесін бұзған

12 мың адам кәсіп бастау үшін мемлекеттік грант алды - Еңбек министрлігі

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 533,1 мың адам қатысты. 345,1 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 224,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

4

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 12,5 мың адам жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, өз кәсібін бастау үшін 12 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 152,6 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 13,6 мың, жастар практикасымен 25,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 107,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 425 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 2,2 мың адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 105,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқытылды.

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші тапшы аймақтарға көшірілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале