8.12.2022, 16:00
Оқылды: 58

12 желтоқсанда Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Жиында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

fd082141f3af4e7eaff99bc3d0e45c14
"12 желтоқсанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр", - делінген Ақорда хабарламасында.
 Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыстың әкімдерімен кездесті. Оған қоса бірнеше лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале