Бірыңғай байланыс орталығының базасындағы 1414 нөмірі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелеріне қатысты да кеңес беріледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әділет министрлігі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде кезекті қызметті іске қосады.
Осылайша, Бірыңғай байланыс орталығының базасындағы 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелері бойынша да беріледі.
Қазақстан бойынша барлық ұялы байланыс операторы және стационарлық телефондар арқылы 1414 нөміріне қоңырау шалу тегін.
9:4527.02.2023
Түркиялықтарға көмектесу үшін Қазақстанда $10 млн астам қаражат жиналды
11:5911.01.2023
Биыл 600 мыңға жуық есепші, заңгер, орманшы мен кітапханашының айлығы 20% өседі
12:1825.11.2022
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар бизнес ашып жатыр
16:3014.11.2022
Ер адам жүкті әйеліне түсік тастауға арналған дәрі берген
25.11.2022, 12:18
14.11.2022, 16:30