6.11.2023, 16:15
Оқылды: 83

1,7 млрд теңге жымқырып, сотталған ректордың жазасы жеңілдемейтін болды

Алматы облыстық соты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады, деп хабарлайды Kazinform. 

ЖП ақша

Апелляциялық инстанция Шыныбековты ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы сот үкімнің күшін жойып, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылды.

«Сот қаулысы орындау үшін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолданды», - деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 2020 жылы №2 Бостандық аудандық соты университеттің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы есепші Жанайым Спабекованы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Судья сотталушылардың әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар екеуінің де мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік осыдан үш жыл бұрын экс-ректорға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале