10.10.2026, 16:00
Оқылды: 34

182 млн теңгенің алтынын ұлтарақ астына жасырып өткізбек болған

ҚР Бас прокуратурасының дерегіне сәйкес, Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот жалпы салмағы 2,8 келі, құрамындағы алтын үлесі 99 пайыздан асатын және құны 182,3 миллион теңгені құрайтын 6 алтын құймаға сотқа дейінгі тәркілеу қолданып, оларды мемлекет кірісіне айналдырды.

прокуратура

Қырғызстан азаматшасы бұл құймаларды өз елінде сатып алып, Қытайға заңсыз өткізу мақсатында «Қордай Авто» өткізу пункті арқылы Қазақстанға кіргізген. Кедендік және шекаралық бақылаудан жасыру үшін ол үш алтын құйманы аяқ киімінің ұлтарағы астына тығып, кейін «Қорғас» ХШЫО аумағында ұсталған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале