13.12.2021, 18:00
Оқылды: 88

1,9 млн азамат кредиттері бойынша «оңалтылды» мәртебесін алды

1,9 млн азамат кредиттері бойынша «оңалтылды» мәртебесін алды. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған.

4EABD181-8107-4852-9EDA-79220AA78687

«2009-2021 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алушылардың борыш жүктемесін шектеуге бағытталған іс-шаралар заңнамалық деңгейде қабылданды. «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ипотекалық қарыздар бойынша міндеттеменің мерзімін өткізіліп алудың 180 күнінен кейін банктер есептеген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге тыйым салынды, валютада табысы жоқ қарыз алушыға шетел валютасымен ипотекалық қарыздар беру шектелді. Қарыздарды өтеу мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбы мен өсімпұлдың шекті шамасы заң жүзінде белгіленді, банктер кредиттер бойынша алатын комиссиялар мен өзге де төлемдердің түпкілікті тізбесі бекітілді», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Оның атап өтуінше, табыс деңгейі төмен қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін: банктік шоттардағы қалдықтың 50 пайызынан астам мөлшеріндегі ақшадан өндіріп алуға; жәрдемақыларды, әлеуметтік және тұрғын үй төлемдерін, білім беру салымдарын алып қоюға қосымша тыйым салулар енгізілді.

«Азаматтардың проблемалық берешегін қайта құрылымдау үшін нормативтік деңгейде проблемалық қарыз алушыларды оңалту тетігі енгізілді. Бүгінгі күні 1,9 млн азаматтың кредиттері бойынша «оңалтылды» мәртебесі берілді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға төлем жасау қабілетін қалпына келтіру және қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауын жалғастыру мүмкіндігін беру мақсатында ағымдағы жылғы 24 мамырда заңнамалық түзетулер енгізіліп, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап банктер және микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) үшін азаматтардың кредиттер бойынша проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай және міндетті тәртібі енгізілді. Енді банктер және МҚҰ қарыз бойынша мерзімін өткізіп алу орын алған сәттен бастап қарыз алушы-жеке тұлғаның өтініші негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына және әлеуметтік мәртебесіне жеке талдау жүргізу арқылы борышкердің проблемалық берешегімен жұмысты бастауға және қайта құрылымдау шараларын әзірлеуге міндетті»,- деп атап өтеді ол.

Премьер-Министрдің жауабына сәйкес, қарызды қайта құрылымдау үшін мерзімі өткен берешекті реттеудің мынадай түрлері заңнамалық тұрғыдан белгіленді:

1) сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

2) қарыз валютасын ұлттық валютаға өзгерту;

3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру;

4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеудің кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басымдық тәртіппен өтей отырып, өзгерту;

5) қарыз мерзімін өзгерту;

6) мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, қарызға қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және өзге де төлемдердің күшін жою.

«Банк немесе МҚҰ қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша өтінішті қараудан бас тартқан немесе келісімге қол жеткізбеген жағдайда, қарыз алушы бір мезгілде кредиторды хабардар ете отырып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) өтініш беруге құқылы. Ипотекалық қарыз алушыларды қорғау шарасы ретінде Агенттіктің қарыз алушының өтінішін қарау кезеңінде кредитордың халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ) жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастауға құқығы жоқ», - деп атап өтеді жауабында Асқар Мамин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале