Қазақстанда көп жарақат және ауыр қосарлас жарақат алған пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту жалғасуда. Мұндай жағдайларда барынша жедел диагностика жүргізу, пациентті медициналық ұйымдарға нақты бағыттау және әртүрлі бейіндегі мамандардың бірлескен жұмысы талап етіледі.

2025 жылы республика бойынша кқп жарақатқа байланысты 16 833 пациентке медициналық көмек көрсетілді. Ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 7 802 пациентті құрады.
Ауыр жарақат алған пациенттерге медициналық көмек олардың жағдайының ауырлық дәрежесіне қарай ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда пациенттер тиісті мамандары, диагностикалық және хирургиялық жабдықтары бар медициналық ұйымдарға жіберіледі.
Мұндай пациенттерді емдеуде медицина қызметкерлерінің біліктілігі ерекше маңызға ие. Көп жарақат алған пациенттерді емдеуге травматолог-ортопедтер, хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, нейрохирургтар және басқа да мамандар қатысады. Мұндай мультидисциплиналық тәсіл бірнеше клиникалық міндетті қатар шешуге және емдеудің оңтайлы тәсілін таңдауға мүмкіндік береді.
Мұндай жағдайлардың күрделілігін мамандандырылған орталықтардың тәжірибесі де көрсетеді. Мәселен, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында 2025 жылы ауыр қосарлас жарақат алған 188 пациент ем қабылдады.
Бүгінде травматологиялық қызметті дамыту мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды, пациенттерді медициналық ұйымдарға бағыттау жүйесін жетілдіруді, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуді, сондай-ақ медицина мамандарының біліктілігін тұрақты арттыруды қамтиды.
Ауыр жарақат кезінде уақыттың маңызы ерекше. Денсаулық сақтау жүйесінің міндеті – жарақат алған жеріне қарамастан, пациентке медициналық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету.