1.02.2025, 9:30
Оқылды: 53

2028 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы Доломиттер Вальтеллинада өтеді

Италия 2028 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының өткізілу орны болып таңдалды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

1

Бұл шешім Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 143-ші сессиясында қабылданды.

Мультиспорттық жарысты елдің солтүстігінде орналасқан Доломиттер Вальтеллина өңірі қабылдайды. Ұйымдастырушылардың өтінімі 89 дауыс жинады.

Айта кетейік, 2026 жылы Италияда қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төртжылдықтың басты қысқы жарысы Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ұйымдастырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале