12.08.2024, 11:15
Оқылды: 187

22 жасында жер аударылған Жарас Оразәлиев туралы қандай деректер бар?

Батыс Қазақстан облысы бойынша 1928 жылдың 27 тамызындағы Үкімет қаулысымен тәркілеуге жатқызылған байлардың бірі – Жарас Оразәлиев   болатын.

жп дала

Архивтік құжатта оның жеке ісі туралы жазба былайша толтырылған: «Оразәлиев Жарас – 22 жаста. Руы – Тана, қарақұлақ бөлімі. Теңдік ауылы, Сламихин ауданы, Орал округі. Тәркілеуде аталады. Мал, егін шаруашылығымен айналысады. 30 жылқы, 24 түйе, 209 ірі қара, 278 қой, екі күймелі арба, бір жер үйi, екі тұрақты жұмыс күші бар. Бай тұқымы, ру белсендісі. Дауыс беру құқынан айырылған. Тәркілеудің 3 тобына жатқызуға болады», делінген.

Жарас Оразәлиевтің мал-мүлкі тәркіленіп, отбасымен тұрған жерінен жер аударылады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz                                                                                                      

«Байлар қалай тәркіленді?», Орал – 2024 жыл

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале