«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

27 мыңнан астам әйел көмекке жүгінді

Өткен жылы сенім телефоны арқылы 27 мыңнан астам әйел көмекке жүгінді. Бұл туралы ІІМ-нің апталық брифингінде айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

телефон

1999 жылы ақпанда ІІО жүйесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі құрылды. Оның мақсаты – әйелдерді заңсыз қол сұғушылықтан қорғау, зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелерінде құқықтық көмек көрсету.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар әр қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде бар. Бұл әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою мүмкіндігін арттырады.

Бұл қызметкерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған немесе оны жасау қаупі бар құқық бұзушыларға қатысты өз бетінше қорғаныс ұйғарымдарын шығара алады.

Сонымен қатар, олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жәбірленушілерге құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді.

Өткен жылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары сенім телефондары арқылы 27 мыңнан астам әйелге кеңес берді, өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 мыңнан астам зардап шеккен адам дағдарыс орталықтарына жүгінді.

Дағдарыс орталықтарының сенім телефондарына 5 мыңға жуық қоңырау түсті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары баспанаға 3 мыңнан астам адамды орналастырды.

Сондай-ақ әйелдерге 9 мыңнан астам кеңес берілді, оның 5,5 мыңнан астамы полицияға жүгінді. Нәтижесінде 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 4731 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале