3.02.2022, 9:00
Оқылды: 53

3 ақпан күнгі ауа райы болжамы

3 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал батыс, солтүстік-батыс, шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220202231305198e

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, Атырау облысының батысында және солтүстігі мен орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, түнде Павлодар облысының оңтүстік-шығысында және шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. 15-20 м/с күшпен жел тұрады, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстік-шығысында 17-22 м/с жел тұрады.

Жамбыл облысының солтүстік-батысында және таулы аудандарында көктайғақ, солтүстігінде таулы және тау бөктерлі аумақтарында тұман, солтүстік-шығысында 15-20 м/с жел күтіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале