28.07.2022, 10:00
Оқылды: 132

3D картамен Орал – әлемге танымал болар!

«Torus.kz» ЖШС Орал қаласындағы Дина Нұрпейісова, 12-үй мекенжайында орналасқан. Кәсіпорынның негізін қалаушы Дәурен Ғабдоллаевтың айтуынша, олар жұмысқа 2015 жылы 6 ақпанда кіріскен. Мекемеде 15 маман қызмет атқарады. Оның ішінде IT (7), 3D модельдеу (2) мамандары және дизайнерлер (3) бар. Аз ғана уақыт ішінде тәжірибе жинап үлгерген жоғары білімді мамандар ауқымды жобаларды 2018 жылдан бері жасап келеді. Олар қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының ономастикалық бірліктер бойынша жасалған 3D картасына жаңа технологияларды енгізуде.

8

- Бұл карта облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен жасалды. Жұмысты 2019 жылы бастадық. Ғаламторға 2021 жылы қостық. Бүгінде википедия сілтемелері тіркелуде. Қолданушылар 3 тілде ақпарат ала алады. Әлемнің түкпір-түкпірінде отырған кез келген адамның біздің облысымыздың орталығын, аудандарды және оларға қарасты ауылдық округтерді, елді мекендерді картадан тауып, қарауға мүмкіндігі бар. Көше атауларына мәліметтері қоса берілді. Жобаға әлі де біраз функцияны енгізуге болады, - деді Дәурен Ғарипұлы.

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №88 санынан оқи аласыздар!

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале