8.09.2023, 9:00
Оқылды: 37

4 айда 13 млн теңге тапқан: TikTok-та казино ұйымдастырған алматылықтар сотталды

Алматыда TikTok арқылы онлайн бәс тігіп, құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото11

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға табыс тапқаны анықталған. Алаяқ тиктокерлер стримдар ұйымдастырып, көрермен тартқан.

Іс бойынша екі азамат кінәлі деп танылып, олардың 1,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылық үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамды сот 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Мамандардың айтуынша, «TikTok» платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылған, бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді. Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады.

Жалпы, 2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталған.

 ulysmedia.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале