6.03.2023, 12:29
Оқылды: 1471

4 миллион теңге: Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандарға баспана алу үшін қаржы беріледі

Қазақстанның оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар баспана сатып алу үшін төрт миллион теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

тенге

"Тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтарға жаңа тұрғылықты жері бойынша 4 миллион теңгеге дейін тұрғын үй сатып алуға қаржылай көмек алуға мүмкіндік беретін ұтқырлық сертификаттарын енгізу қарастырылып жатыр. Іске асырылып жатқан шаралар халықты қоныстандырудың өңірішілік диспропорциясы мәселесін шешуге бағытталған", - деді ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов.

2022 жылы "Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстанның еңбек тапшылығы бар өңірлерінен 7 923 адам өз еркімен қоныс аударған, оның ішінде 1 320 қандас және 6 603 қоныс аударушы бар.

Ұлттық жоба шеңберінде қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:

көшуге арналған субсидия - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің санына және елді мекенге байланысты 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау;
қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу;
жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу.
Былтыр қоныс аударғандардың ішінде 3 652 адам еңбекке жарамды, олардың 2 811-і тұрақты жұмысқа орналастырылған. Біржолғы субсидиялар 7 622 қатысушыға төленді, ал 5 633 азаматқа тұрғын үй шығындары субсидияланады.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір жұмыскер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

Еңбек тапшылығы бар өңірлерге қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланған қазақстандықтар олардың өміріндегі оң өзгерістерді айтты. Солардың бірі - Нұрболат Мәдиев. Ол Қызылордадан Қостанай облысына көшкен.

"2019 жылы мен болашақ әйеліммен бірге Әулиекөл ауданына көшіп келдім. Қазір аудандық ауруханада массаж жасаушы болып жұмыс істеймін. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастым. Мен барлық қолдау шарасын алдым, барлығына ризамын. Мұндай бағдарлама көп болса жақсы болар еді", - дейді қоныс аударушы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале