3.04.2017, 12:44
Оқылды: 47

«Ашық әкімдік» атты ашық есік күні өтеді

teatr   2017 жылдың 15 сәуірде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін облыстық қазақ драма театрының фойесінде облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ашық әкімдік» атты ашық есік күні өтеді.


       Аталған шара барысында облыс басқармалар мен қалалық бөлімдердің, жергілікті полиция қызметінің, құқық қорғау органдарының, «Қазақтелеком» және «Қазпошта» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдарының басшылары облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беретін болады.

  Шара аясында жер қатынастары, құрылыс, ветеринария, ауыл шаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, туризм және басқа да салалар бойынша мәселелер қарастырылатын болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале