Қазгидромет 18, 19, 20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.
19-20 маусымда еліміздің батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы күрт өзгермейді.