Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Атырау — Доссор тасжолының 601-шақырымы тұсында Volvo автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жалпы салмағы 17 тонна 652 келі балық өнімдерін анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды polisia.kz.

Фото: POLICE_of_KZ
Аталған дерек бойынша балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жариялануға жатпайды.