5.06.2017, 17:07
Оқылды: 77

«Ашық әкімдік» шарасын Орал қалалық әкімдігі де өткізуде

18839152_1853698804882816_1314822797853945733_n    Бұған дейін мұндай шараны облыстық әкімдік өткізген болатын. Ал бүгін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев «Ашық әкімдік» жобасын салтанатпен ашып, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Бұл жобаның мақсаты – әкімдіктің жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрін көрсетуге арналған ыңғайлы алаңын ұйымдастыру.


 Сондай-ақ қызмет көрсету кезінде жемқорлық тәуекелдерінің азаюы үшін ашықтықты, халыққа кедергісіз қызмет көрсету үшін қолжетімділікті, ыңғайлы электронды кезек жүйесі мен қызмет сапасын арттыруды мақсат еткен.

  Ашык акимдик 02       «Ашық әкімдікке» келген қала тұрғыны, зейнеткер Рауза Абылаева 2009 жылы жер кезегіне тұрған екен.

- «Ашық әкімдік» өтетіні туралы ақпаратты ғаламтор арқылы білдім. Жер қатынастары бөлімінің бас маманына жолығу үшін арнайы нөмірімді алып, төрт минут қана күттім. Сұрағыма түсінікті жауап алдым. Кеңсе қызметкері маған алдағы уақытта әкімдікке аяқтай келмей-ақ, жер кезегі туралы мәліметті арнайы сайттан қараудың жолын түсіндірді. Көрсетілген қызметке көңілім толды, - дейді зейнеткер.

«Ашық әкімдік» бір ай бойы тесттік режимде жұмыс істейді. Жалпы 2017 жылдың басынан қалалық әкімдіктің бөлімдері 4151 мемлекеттік қызмет түрін көрсеткен. Олардың 67 пайызы сәулет және қала құрылысы бөліміне, 18 пайызы жер қатынастары бөліміне тиесілі болған. Сол себепті «Ашық әкімдік» жобасы аясында қалалық сәулет және қала құрылысы 5 терезе, жер қатынастары 5 терезе және қала әкімдігінің кеңсесі 1 терезе арқылы мемлекеттік қызмет түріне қызмет көрсетеді. Сондай-ақ өтініш-арыз қабылдау терезесі де халыққа қолжетімді.

«Ашық әкімдікке» түске дейін-ақ 365 қала тұрғыны келді.

         zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале