24.07.2023, 18:00
Оқылды: 129

"5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін". Шымкентте полиция қызметінің басшылары қоластындағылардан пара алған

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 4-рота командирі Қ. Әлімханов пен 8-рота командирі Н. Мырзалиевке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

ЖП Сыбайлас 2

Әлімханов пен Мырзалиев 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сотталғандар Шымкент қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен және Полиция департаментінің Өздік қауіпсіздік басқармасымен әшкереленген болатын. Олар қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін тұрақты негізде бағыныстылардан 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алды деп айыпталды.

Бұдан басқа, Әлімханов әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін өзінің қарамағындағылар арқылы Шымкент қаласының тұрғынынан 130 мың теңгедей заңсыз сыйақы алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірлескен жұмысы жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале