8.02.2024, 9:15
Оқылды: 35

5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды

Астананың бірқатар университетінде студенттерге 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

IMG_20240208_083433_962

Жиындарда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшылығы волонтерлердің осы ойындарға үлес қосуға мүмкіндігі барын, еріктілер қызметінің тәжірибе жинаудағы маңызын жеткізді. Сонымен қатар волонтерлерге қойылатын талап, ереже, іріктеу кезеңдері туралы мәлімет жан-жақты түсіндірілді.

IMG_20240208_083437_089

Жастардың еріктілер жасағы – спорттық және мәдени шаралардың маңызды бөлігі. Мейманды қарсы алу, оларға жол көрсетіп, бағыт сілтеу, шетелдіктерге аудармашы болу сияқты көзге көрінбейтін істің бәрінде волонтер жүреді. Былайша айтқанда, ерікті дегеніміз өзара риясыз көмек пен патриотизмнің, қоғамға және елге пайдалы адам болудың жарқын үлгісі. Дерек үшін айтсақ, EXPO-2017 көрмесіне 7000-нан астам ерікті қатысты. Қысқы Азия ойындарында да жас өрендеріміз волонтер ретінде белсенділік танытты.

IMG_20240208_083445_001

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына волонтер болуға ниет білдірушілер https://worldnomadgames.kz/ сайты арқылы «Ерікті бол» бөліміне кіріп, сауалнаманы толтыруы керек. Барлық талаптан сүрінбей өткен үміткер сұхбатқа шақырылады. Волонтер жұмысына 18 жастан асқан үміткер таңдалады.

Қосымша Instagram, Tik Tok әлеуметтік желілерінде @Volunteer_nomadgameskz парақшаларынд көрсетілген. Сондай-ақ WhatsApp, Telegram-да 8 701 841 20 24 байланыс нөмірі арқылы сұрақтарыңызды жолдай аласыздар.

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале