30.05.2023, 16:00
Оқылды: 146

5 жасар бала 40 сағыз жұтып қойған. Баланың жағдайы қалай?

Огайо дәрігерлері сағыз жұтып қойған 5 жасар баланың асқазанынан үлкен безоар алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter порталына сілтеме жасап. 

870FD60C-1497-4B75-BB2B-75C61570D1B9

Огайодағы 5 жасар баланың ауруы жайлы Кливленд клиникасының дәрігерлері медициналық журналда сипаттап берді. Бала 40 сағыз жұтып қойған. Ол әрбіреуін жақсылап шайнап, содан соң жұта берген.

Ол өзінің бұл әрекеті жайлы анасына айтқан. Баланың іші өткен және іші ауырған, бірақ дене температурасы көтерілмеген. Ол 40 сағызды жұтып қойғаннан кейін келесі күні тәбеті жақсы болып, таңғы ас та ішіп алған. Алайда анасы баланы дәрігерлерге көрсеткен. Ауруханада оған рентген мен КТ жасаған.

"Жалпы бала өзін жақсы сезінді, тек ішін саусақпен ұстап қараған кезде аздап ауырсынатынын айтты. Зерттеу ішекте газдың барын, асқазанның кепкенін көрсетті. Баланың көп сағыз жұтып қойғанын білгендіктен, ЭГДС (Эзофагогастродуоденоскопия) жасалды. Нәтижесінде сағыздан тұратын үлкен безоар бары анықталды, ол асқазанның шамамен 25%-ын алып тұрған", - деп жазылған дәрігерлер есебінде.

Дәрігерлер бала асқазанындағы сағыздан тұратын безоарды оның аузы арқылы эзофагоскоп арқылы бірнеше рет кіріп алған.

"Бұл ең қауіпсіз жол болды, - дейді дәрігерлер. - Асқазандағы сағыздан тұратын массаны еріту мүмкін емес болды. Безоар көрші органдарға қауіп төндірмеді, сондықтан хирургиялық араласудан бас тарттық. Егер эндоскопиялық емдеу көмектеспесе, лапароскопияны көретін едік".

Дәрігерлер баланың асқазанындағы барлық сағызды ала алды. Бала ауруханадан шығарылды.

Безоар деген не?

Безоар - нақты өнімдер мен заттарды жеген кезде асқазанда түзілетін бөтен дене. Уақыт өте безоар талшықтар мен тамақ қалдықтарының есебінен өсіп, нәтижесінде қалыпты асқорытуға кедергі келтіретіндей өлшемге дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ ол ишемиялық жараға, қан ағуға, іш пердесінің қабынуына және сепсиске әкелуі мүмкін.

Сағыз жұтып қойса не болады?

Сағыз адам ағзасында 7 жыл сақталады деген пікір бар. Бұл өтірік.

"Егер сағыз жұтып қойсаңыз, ол шамамен 40 сағаттан кейін үлкен дәрет арқылы шығады", - дейді диетолог Бет Червони.

Дәрігер сағыз жұту қауіпті әдет екенін айтып, ескерту жасады. Ол біздің асқазанымызда қорытылмайды. Бұл ішектер тығындалуына және бұзылысына әкелуі мүмкін. Себебі ол басқа тағамның қорытылуына кедергі келтіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале