16.08.2022, 9:15
Оқылды: 466

56 адам жол апатынан қаза тапты

Биыл жеті айда БҚО жолдарында 164 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 56 адам қаза тапқан. Ал 203 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мирхат Аженов айтты.

WhatsApp Image 2022-08-11 at 13.08.29

Жол-көлік оқиғасының жиілеп кетуіне байланысты облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел  алдын алу іс-шарасы республикалық айлығы өткізілуде.

– Жол апатының алдын алуға арналған іс-шара барысында 9032 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 119 жүргізуші мас күйде кө-лік құралын жүргізген. Жүргізіліп жатқан про-филактикалық іс-шаралар мен ескертуге қарамастан, кісі өліміне әкеп соғатын жол апаты орын алуда. Мәселен, кеше облыс аумағындағы «Самара-Шымкент» тасжолында жол апаты орын алды. «Лада-Гранта» аутокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылған. Апат салдарынан 1973 жылы туған жүргізуші мен 2004 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мирхат Аженов.

Осы орайда БҚО Полиция департаменті жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде әрдайым қауіпсіздік белдігін тағып, жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Балаларды тасымалдау кезінде балаларға арналған қауіпсіздік құрылғысына ерекше назар аудару керек. Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы төтенше жағдайлардың ықтималдығын азайтуға, адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале