5.09.2022, 21:02
Оқылды: 2775

58 жастағы әйел қандықол қарақшының қолынан көз жұмған

Осыдан жеті күн бұрын Бөкейордасы ауданы аумағында орын алған қылмыс туралы ақпарат тек бүгін ғана әлеуметтік желілерге жариялана бастады.

211109110146291a3859612i

Аталған қылмыстық іс бойынша облыстық Полиция департаментінен ақпарат сұратқан едік.

- 2022 жылғы 29 тамызда сағат 13.00 уақыт шамасында Бөкей ордасы ауданының Пб-не 1964 жылы туған әйелдің мәйіті өзінің тұрғылықты жері бойынша табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті адамға қатысты сот 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Орын алған қылмыс барысы мен тергеу нәтижелері туралы ақпараттар біздің басты назарда болады.

 zhaikpress.kz

Фото дереккөзі: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале