26.12.2018, 21:50
Оқылды: 62

Алтай Көлгінов: «Фейсбукке 2006 жылы тіркелдім»

Алтай Сейдірұлы- Әлеуметтік желілер қазіргі заманның талабы. Желіде тек негатив емес, позитив те, пайдалы дүниелер де жетерлік. Бәрі өзіңе – нені іздегеніңе байланысты. Интернет білім іздегенге шексіз мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер байланыс құралы ретінде, коммуникация үшін маңызды. Фейсбук желісіне 2006 жылы шетелде оқып жүргенімде тіркелдім. Ол кезде бұл желі танымал емес еді. Қазір уақытым болғанда фейсбук арқылы жаңалықтарды оқимын. Твиттерден өзіме пайдалы көп ақпарат аламын. Маңызды жаңалықтар болса, өзім де пост жазамын. Батыста, АҚШ-та твиттер өте танымал. Оларда тіпті твиттердегі жазбалар акциялардың өсуіне не төмендеуіне дейін әсер етеді.

Әкімдіктің facebook және instagram әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары, telegram мессенджерінде арнасы бар. Көптеген сауалдар қойылады. «Халықтық бақылау» айдары жұмыс істейді,-деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов AQJAIYQ телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында».

Тікелей эфирде батысқазақстандықтардан жүздеген сауал түсті. Тұрғындардың сұрақтарының көпшілігі қоңырау шалу арқылы емес, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келген. Эфирден байқағанымыз, батысқазақстандықтардың барлығы дерлік жеке бастарына қатысты мәселені емес, қоғамдық мәселелерді қозғады. Ең басты сауалдар мен облысымызға қатысты тың жаңалықтарды қазір сайтымызда жариялайтын боламыз.

Нұрлыбек Рахманов,

сурет А.Куприенко

© zhaikpress.kz

Сурет: А.Куприенко

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале