20.01.2023, 15:30
Оқылды: 7

718,3 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

2022 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 718,3 мың адам қатысты. 435,2 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 346,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сайтында хабарланды.      

7544a4c6194779029d6ee0d0346a872d_1280x720

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 13,9 мың адам жіберілді.

Өз кәсібін бастау үшін 21,7 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 14,7 мың, жастар практикасымен 28,8 мың, қоғамдық жұмыстармен 121,8 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,9 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 551 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 3,1 мың адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 146,1 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале