ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Абай күніне орай еліміз бен шетелде 350 мәдени, білім беру және спорттық іс-шара өтіп, оған 50 мыңнан астам адам қатысты.

Фото: madenietaqparat
Алматыда 20 мыңнан астам көрермен жинаған «Абай әлемі» кешінде ақынның 1909 жылғы тұңғыш жинағы туралы «Алғашқы кітап» фильмінің премьерасы өтті.
Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» музейінде сирек қолжазбалар көрмесі, Абай әндерінің фестивалі мен әдеби квест ұйымдастырылса, Ұлттық музей мен Ә. Қастеев атындағы музейде арнайы экскурсиялар мен сабақтар өткізілді.
Абай облысында «Abai Joly – 100 miles» ультрамарафоны мен «Адамзаттың Абайы» айтысы, Астанада жас қаламгерлер форумы өтті.
Мерекелік шаралар Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында өткен «Абай – Ұлы тұлға» халықаралық дөңгелек үстелімен түйінделді.