8.01.2021, 18:56
Оқылды: 194

«ADAL» партиясының үзіліссіз 12 сағаттық тікелей эфирі жалғасуда

Осындай үзіліссіз эфир Қазақстандағы парламенттік сайлау тарихында тұңғыш рет өткізілуде.

ада11

Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ел тұрғындарымен әңгімелесу үстінде. Эфирде партияның басымдықтары, халықтың проблемалық мәселелері туралы айтылып жатыр.

Мақсат Толықбай мен Дәулет Мұқаев тұрғын үй, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша партияның көзқарасы туралы әңгімелесе, кандидат Алмасбек Садырбаев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

Лаура Маликова әлеуметтік желілерді пайдаланушылармен экологиялық мәдениетті нығайту қажеттілігі, елдегі экологияны жақсарту жолдары туралы сөйлесті.

Олжас Ордабаев өз баяндамасын білім беруді дамыту мәселелеріне арнады

Естеріңізге сала кетейік, тікелей эфир "ADAL" партиясының Instagram және Фейсбуктегі ресми парақшаларында, сондай-ақ Youtube-арнасында жүргізілуде. Трансляция сағат 12.00-ден басталып, 8 қаңтар күні сағат 23.59-ға дейін жалғасады.

Осылайша, эфир бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте кез-келген үгіт-насихат материалдарының шығуына тыйым салынғанғанға дейін, яғни "үнсіздік күні" басталуға бір минут қалғанда аяқталады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале