17.11.2020, 10:07
Оқылды: 54

Адамзатқа тән құндылықтардан ажырамасақ

Еліміз дамып келеді. Қазір қам-қарекет қылған кісіге ел қатарлы өмір сүруге қолайлы жағдайлар баршылық. Зәулім үйлер салып, қымбат автокөлік мініп, уайым-қайғысыз шалқып жүрген жандар аз емес. Олардың қатары жыл сайын көбейе түсуде. Мұны көріп, «Шіркін-ай, елімізде жұрттың бәрі осылай өмір сүрсе, қандай жақсы болар  еді!» деп ойлайсың. Дегенмен бұл қиялымыздың жүзеге аспайтынын білеміз, адамдардың бәрі бірдей тоқшылықта өмір сүре алмайтыны  бағзы заманнан әмбеге аян. Бірі атқа қонса, бірінің көлігі жоқ. Қайткенмен, елдің тыныштығына тәубе қыламыз, нанымыз бар, бейбіт өмір аясында тіршілік кешудеміз. Ерінбей, жалықпай еңбек еткен адамға отбасын асырайтын жұмыс табылып жатады. Қысқасы, тән азығы шешімін тапқан десек, қателеспеген болар едік. Әрқашан пейілі кең халқымыздың жиын-тойының азаймай, көбейе түскені бұған дәлел. 

адамзатка тан кундылыктардан ажырамасак

Бұл жөнінде журналист Нұрымбек  Жапақов облыстық «Орал  өңірі» газетінің №91 санында мәселе көтереді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале