Әйелдер жамағатымен өткен сырлы кездесу
13 Тамыз 2022

Әйелдер жамағатымен өткен сырлы кездесу

Ақпәтерде қайықшылар сайысы өтті
13 Тамыз 2022

Ақпәтерде қайықшылар сайысы өтті

Талдыбұлақ мектебіне мұғалімдер керек, ал Тасқұдықтықтар ауыл таза болса екен дейді
13 Тамыз 2022

Талдыбұлақ мектебіне мұғалімдер керек, ал Тасқұдықтықтар ауыл таза болса екен дейді

«Ауыл аманаты» - ауылдағы өндірісті дамытуға үлес қосса...
13 Тамыз 2022

«Ауыл аманаты» - ауылдағы өндірісті дамытуға үлес қосса...

Мешіт тірегі жамағат
13 Тамыз 2022

Мешіт тірегі жамағат

Күнбағыс пен жүгері. Қос дақылдың жергілікті жағдай өнімділігін арттыруға ғылыми түрде мән берілмек
12 Тамыз 2022

Күнбағыс пен жүгері. Қос дақылдың жергілікті жағдай өнімділігін арттыруға ғылыми түрде мән берілмек

Агенттік күмәнді қаржы пирамидаларының тізімін жариялады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

62554665e25d0925870560

Сурет: ortcom.kz

Мұндай ұйымдардың өз бетінше және делдалдарды тарта отырып, немесе жоғары табыс төлеуге уәде бере отырып, олардың атынан басқа адамдар әрекет ететін ақша тарту жөніндегі қызмет белгілері болады.

Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарын қарау, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарын білдіретін қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде жасалған.

Қазіргі уақытта тізімге 154 субъект кіреді.

Тізімдегі субъектілердің қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс.

Тиісінше, клиенттердің оларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған.

Осыған байланысты агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасау Қазақстан азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылу қаупіне алып келуі мүмкін.

Тізімді жариялау қолданыстағы алаяқтық схемалар мен жалған активтер туралы халықтың хабардар болуын арттыруға, тұтынушыларға осындай компанияларға салымдар бойынша шығын алудың жоғары тәуекелі туралы уақтылы ескертуге, осылайша алданып қалу ықтималдығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале