20.06.2022, 10:32
Оқылды: 68

Агроөнеркәсіпті қолдау қашан да маңызды

-БҚО-ның сапасыз ет импортын жоюға мүмкіндігі бар. Бүгінде БҚО 1,3 млн адамды таза, сапалы етпен қамтамасыз етіп отыр. Біз алдағы уақытта да сапалы ет өндірісін арттыру бағытында жұмыстана береміз. Облыстың шеттен келетін сапасыз ет импортын алмастырып, ет өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі күнге дейін етті мал басы 10 пайызға өсті, - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақ басшысы Ғали Есқалиев.

WhatsApp Image 2022-06-20 at 10.30.23

Агроөнеркәсіпті дамыту - облыс үшін маңызды бағыт. Бұл бағытта бірнеше ірі жобалар жұмыс істеуде. 2021 жылы агроқұрылымдарды қолдау мақсатында 14,2 млрд қаржыға субсидия берілген.

- Облыс халқын тұрақты түрде көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында былтыр сыйымдылығы 6 мың тоннаны құрайтын 3 қойма салынған. Ал, биыл 13 мың тонналық 4 көкөніс қоймасын салу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале