26.10.2026, 12:00
Оқылды: 4

Air Astana тобының әуе паркі 64-ші ұшақпен толықты

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы қаласына Германияның Гамбург қаласындағы зауыттан тікелей жеткізілген EI-KDL тіркеу нөмірлі жаңа Airbus A321neo ұшағы келіп қонды.

IMG_20261025_230355_143

Фото: caa_kaz

Бұл әуе кемесі Air Astana тобының әуе паркіндегі 64-ші ұшақ атанды.

​Заманауи лайнер отын үнемділігімен, жолаушыларға жоғары жайлылық ұсынуымен және қоршаған ортаға тигізер әсерінің төмендігімен ерекшеленеді.

Жаңа әуе кемесінің алғашқы рейсі биыл қараша айының басында Алматы – Астана – Алматы бағыты бойынша орындалады деп жоспарлануда.

Комитет өкілдері еліміздегі әуе паркін кеңейту және жаңғырту жұмыстары Көлік министрлігінің тұрақты бақылауында екенін, бұл шаралар маршруттық желіні дамытып, тасымалдау сапасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале