15.07.2026, 11:00
Оқылды: 56

Айдарбек Сапаров БҚО-дағы өңдеу өнеркәсібі саласының тыныс-тіршілігімен танысты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындар қызметімен танысып, өңірдегі астық қабылдау кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазады. 

f44c66b1f22f588d605c18369a1142e2_1280x720

Министр алдымен «Кублей» серіктестігінің ет өңдеу кешеніне барды. Кәсіпорын 33 жылдан астам уақыт бойы ет консервілерін, жартылай фабрикаттар өндірумен, сондай-ақ ет және тері өңдеумен айналысып келеді.

Өндірістік қуаты бір ауысымда 180 мың банкаға дейін консерві өнімін шығаруға мүмкіндік береді. Өнім түрлері 100-ден астам атауды қамтиды. Сою цехында бір ауысымда 400 басқа дейін ірі қара мал және 700 басқа дейін ұсақ мал еті өңделеді.

3fd89262a647b0f51469187660bf5eac_1280x720

Жылына 7 мың тоннадан астам ет сақтауға арналған тоңазытқыш қоймалар және бір ауысымда 600 тері өңдейтін цех жұмыс істейді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 10,4 мың тонна консерві өнімін, 1,7 мың тонна жартылай фабрикаттар мен қосалқы өнімдер өндіріп, 34,7 мың дана тері өңдеді.
Негізінен Ресейге, Қырғызстанға және Түркияға экспортталады. Осыған дейін 580 тонна консерві өнімі мен 45,8 мың дана өңделген тері экспортталған.

d50e64945b6a940fd9ad74837615bbc3_1280x720 (1)

Министрге суару жүйесімен жабдықталған жеке жемшөп базасын құру және 10–20 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын салу жөніндегі инвестициялық жобаның іске қосылғаны туралы баяндалды.

Жалпы инвестиция көлемі 25 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін арттыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту міндетін қойды. Ол үшін өндірістік әлеуетті тиімді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, өнім түрлерін кеңейту және жаңа экспорттық нарықтарды игеру қажет», – деді Айдарбек Сапаров.

513a846418694c51a68ace1c1d941bd2_1280x720

Сондай-ақ министр «Желаев астық өнімдері комбинаты» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты.

Былтыр комбинат 51,5 мың тонна ұн және 18,2 мың тонна макарон өнімдерін шығарды. Қазіргі уақытта өндірістік қуаттардың жүктемесі 50%-ды құрайды.

Кәсіпорынның инфрақұрылымына жалпы сыйымдылығы 150 мың тоннаны құрайтын элеваторлар, заманауи ұн тарту кешені, қара бидай ұнын тартатын диірмен және қазіргі заманғы италиялық өндірістік желілермен жабдықталған үш макарон фабрикасы кіреді. Өнім ішкі нарыққа жеткізіліп, Армения, Ауғанстан, Грузия, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және басқа да елдерге экспортталады.

73280e0786c9a9ee5e42daef573ba22c_1280x720

Жоспарда заманауи жоғары температуралы өндірістік желімен жабдықталған төртінші макарон фабрикасын салу көзделген. Бұл астықты терең өңдеу көлемін ұлғайтуға әрі экспорттық әлеуетті кеңейтуге жол ашады.

92a3e11811d5dbdc7e4db42173f765a9_1280x720

Комбинат алаңында Айдарбек Сапаров Батыс Қазақстан облысындағы астық қабылдау кәсіпорындарының басшыларымен кездесті.

«Біздің міндетіміз – өндіріс көлемін сақтау ғана емес, қосылған құны жоғары өнім шығару, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспорт географиясын кеңейту. Ол үшін өндірістерді жаңғыртып, қолда бар қуаттарды тиімді пайдалану әрі жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру қажет. Министрлік өңдеу саласын дамытуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып отырған кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады», – деді министр.

Кездесу барысында элеваторларды жаңа өнімді қабылдау маусымына дайындау, астықты сақтау және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале