15.07.2026, 11:15
Оқылды: 46

Айдарбек Сапаров: Мал шаруашылығын дамыту – АӨК тиімділігін арттырудың маңызды тетігі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, диқандардың алдағы егін жинау науқанына дайындығын тексерді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

03f656c213e74307510239f1c2159793_1280x720

Аграрлық қауымдастық өкілдерімен өткен кездесуде министр биыл сала алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Биыл ауыл шаруашылығы саласының өсімін 5,9%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұған қол жеткізуге барлық мүмкіндік пен қажетті ресурс бар. Бұл Мемлекет басшысы қойған ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту жөніндегі стратегиялық міндетті кезең-кезеңімен орындауға жол ашады», – деді Айдарбек Сапаров. Сонымен қатар ол аграршыларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктерімен жан-жақты таныстырды.

cfc334437ec2124320b6c778bc6303cb_1280x720

Бүгінде көктемгі егіс жұмыстарына арналған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы аясында 5,5 мыңнан астам отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 618 млрд теңге көлемінде қаржы берілді.

Саланы дамытуға қосымша серпін беру мақсатында Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын бекітті. Құжаттағы негізгі міндеттердің бірі – өндірістің барлық кезеңінде жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда «Игілік» және «Береке» жеңілдетілген несие бағдарламалары іске асырылуда. Сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін «Жайлау» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

ab2e6a3c3f70070643dd73f665e9e59d_1280x720

Айдарбек Сапаров саланы дамытудың қосымша мүмкіндігі ретінде ірі өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарын мал шаруашылығын дамытуға тартудың маңызын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруға шақырды.

Кездесуге қатысушылар мемлекеттік қолдау шараларына оң баға беріп, олардың ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудағы маңызды рөлін атап өтті.

«Жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігі едәуір артты, ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылып жатыр, инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасалуда. Биыл мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, өндіріс көлемін ұлғайтуға және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін жаңа несие бағдарламалары енгізілді. Мемлекет қабылдап жатқан шаралар алдағы уақытта да саланың тұрақты дамуына ықпал етеді деп сенеміз», – деді кездесу қатысушылары.

Жұмыс сапары аясында Айдарбек Сапаров «Орал Агро» ЖК-нің салынып жатқан көкөніс сақтау қоймасын аралады. Қуаттылығы 12 мың тонна болатын жобаның құны 2,8 млрд теңгеден асады. Нысанды биылғы қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланған.

Министр сондай-ақ «КТК-888» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасының жұмысымен танысты. Ферма 2025 жылы пайдалануға берілген. Кәсіпорын Ақтөбе облысы мен Даниядан 400-ден астам ірі қара әкеліп, заманауи сауу залын орнатқан. Қазіргі уақытта сүт өңдеу цехының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін жоғары өнімді мал басын 1 мың басқа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«Атамұра» шаруа қожалығында министрге өндірістік үдерістерді тиімді басқаруға арналған Cropwise Operations цифрлық платформасы таныстырылды. Шаруашылықта күздік дақылдарды жинау басталып, орташа өнімділік гектарына 49 центнерді құрап отыр.

5d62785cf708cb8e1248b061cb0fa964_1280x720

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Айдарбек Сапаров егін жинау науқанына сапалы дайындықты қамтамасыз етуді, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікке бақылауды күшейтуді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыруды тапсырды.

452b44b27a627b0d394b44c8d5cb5d25_1280x720

«Бүгінде агроөнеркәсіптік кешен алдында өндіріс көлемін арттырумен қатар, заманауи, жоғары технологиялық әрі экспортқа бағдарланған саланы қалыптастыру міндеті тұр. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары мен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барлығы осы мақсатқа қызмет етеді», – деп түйіндеді министр.

6521348837d78beee0f703b9151f8f81_1280x720

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале