27.10.2021, 14:41
Оқылды: 144

Әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті

Биыл ел мерейі асқақтар жыл. Тамырын тереңге жайған күллі қазақ елі азаттығымыздың айғағы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойлайды. Жыл басталғалы еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше мәнерде шаралар өтуде.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал жастары да іс-шаралар легін жалғастыруда.

IMG-20211027-WA0007

«Спорт – сенің серігің» атауымен әйелдер арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Волейбол додасын жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың жастарға қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды.
- Әйел жамағатының қатысуымен жаз маусымында спорттан жарыс өткіздік.  Белсенділік танытқан әйелдер қауымы екінші мәрте волейбол ойынында бас қосты.

IMG-20211027-WA0008
Ойыншыларды әйелдер жамағатымен тұрақты жұмыс жасап жүрген облыстық мәслихат депутаты Шаттық Өтебалиева мен ұстаз Назгүл Данаева қолдап келді. Тұғырлы Тәуелсіздігіміздің мерейтойына орай шаралар алдағы уақытта жалғаса береді, – дейді ресурстық орталықтың бөлім басшысы Алма Төлепқалиева.
Ойын қорытындысында бірінші орынды «Алға» командасының арулары иеленсе, жүлделі екінші орынды «Барыс» тобының қатысушылары қанжығалады. Ал үздік үштікті «Баракат» командасы түйіндеді.
Жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар берілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале