10.11.2023, 17:22
Оқылды: 87

Ақмола қазақтарының Құрылтайы

1917 жылдың 25 сәуірі мен 7 мамыр аралығында Омбы қаласында Ақмола қазақтарының облыстық бірінші сиезі (Құрылтай) өтеді.

жп дала

Сиезде облыстық комитет құрылып, оның төрағасы болып Айдархан Тұрлыбеков, орынбасарлығына Сейілбек Жанайдарв пен Асылбек Сейітов, ал мүшелігіне Қозы Торсанов, Ермұхамбет Тоқбаев, Төлебай Нұралин, Садуақас Жантасов, Ерқосай Мұқышев, Мағжан Жұмабаев, Байсейіт Әділовтер сайланады.

Сиезде Бірінші жалпы қазақ сиезін ұйымдастыру және осы сиезден кейін «Алаш» партиясының жергілікті комитетін құру және тағы басқа мәселелер қаралады.

Сиез ресейде болып жатқан революциялық қозғалыстардың мәні мен мақсатын, оның бағыттарын жалпы халыққа түсіндіруде айтарлықтай жұмыс жүргізеді.

Құрылтайға 100-ден астам делегат қатысады. Құрылтайға қатысқан Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт қайраткерлері алғашқы «Алаш» партиясының облыстық комитетін құрып, оның төрағалығына Асылбек Сейтовті сайлайды.

                                                  Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале