12.04.2022, 12:30
Оқылды: 108

Ақпарат министрі әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты пікір білдірді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров әлеуметтік желіні бұғаттау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

60

«Ол жерде мессенджерлерді бұғаттау туралы мәселе көтеріліп тұрған жоқ. Егер ашық нормативтік-құқықтық актілер порталын ашсаңыздар, сол жерде ҚР Парламенті Сенаты арқылы балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заңға түзетулер қабылданған жағдайдағы қаулы жобасы бар. Құжаттың Сенаттан өту-өтпеуі де үлкен сұрақ туындатады», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта аталған заң жобасына қатысты қоғамда қызу талқылау жүріп жатыр.

«Біз халық үнінен құлақ асатын мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Соған орай талқылау да жүріп жатыр. Бұл да - жоба және талқылауға шығарылған. Бұғаттау туралы мәселе жоқ. Ол жерде шектеу туралы мәселе бар. Егер норма қабылданса, онда әлеуметтік желілердің әкімшілері оларды орындағысы келмейді. Соған орай заңның қазіргі жобасында шектеу мүмкіндігі туралы мәселе тұр», - деді Асқар Умаров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале