3.11.2021, 16:20
Оқылды: 99

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина егу мақұлданды

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенский 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егу үшін америкалық Pfizer және немістің BioNTech компанияларының вакциналарын қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Axios-қа сілтеме жасап.

1635733390_news_b

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының тобы жүргізген модельдеуге сәйкес, 5-11 жас аралығындағы балаларды вакциналау коронавирус инфекциясының таралуын 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін 8% төмендетеді.

Топ мүшесі Сара Оливердің айтуынша, вакцинация вирустың ықтимал жаңа нұсқасының әсерін азайтуға көмектеседі. Бұған дейін АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің жанындағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасы басқармасы 5-11 жастағы оқушыларға Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қолдануды мақұлдаған болатын.

Оқу жылы басталғалы бері АҚШ-та балалар арасында коронавирусқа шалдыққандар саны тез артқаны байқалды. Ауруханаларға коронавирус жұқтырып түскен балалардың саны маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін алты апта ішінде бес есе өсті делінген.

5-11 жас аралығындағы балалар ересектерге арналған дозаның үштен бір бөлігін құрайтын вакциналар алады деп хабарланған. Екінші доза бірінші дозаны алған сәттен бастап үш аптадан кейін енгізіледі. Сондай-ақ, иммунитеті әлсіз балаларға үшінші доза салынбайтыны атап өтілді.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, елдегі 1,9 миллион балаға коронавирус диагнозы қойылған.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале