5.01.2024, 12:46
Оқылды: 580

"Ақша жымқырды" деген айыпқа байланысты университет жауап қайтарды

Кеше біздің сайтқа "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен 50 миллион теңгеден аса ақша жымқырылған" тақырыбындағы "qazaqstantv" сайтынан алынған ақпарат жарияланған болатын.

93aab491-7b08-4e20-8406-c1e958549a39

Бүгін біздің редакцияға "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КеАҚ Баспасөз қызметі хабарласып, төмендегі ақпараттарын ұсынды.

"Университетте 2020 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілері жасалған. 2020 жылы Университетпен "Ai-Tall" ЖШС арасында (5,8 млн. теңге сомасына «амиак селитрасын» сатып алу бойынша), "КемалханСтройЭлит" ЖШС-мен (15,8 млн. теңге сомасына "аммофос" сатып алу және жеткізу бойынша) және "ҚазТрайдСнаб" ЖШС-мен (22 млн. теңге сомасына «қант жүгерісі» тұқымынсатып алу және жеткізу бойынша) келісімшарт жасалған.

Жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша тұқым себу және себу орындарын өңдеуді растау актісін жалған жасау фактілері анықталды.

"ДарМирАудит" ЖШС жүргізген қорытындыға сәйкес университет мемлекетке 43,8 млн. теңге көлемінде залал келтірді.

Сонымен қатар университетте табыс табу мақсатында жеке кәсіпкерлерге жалға берілетін бірқатар тұрғын емес коммерциялық үй-жай (дүкендер, асханалар және т.б.) бар.

Мәселен, 2012-2022 жылдары Дана ЖК коммерциялық үй-жайларды (дүкен үшін) тұрақты түрде жалға алған, бұл ретте ай сайынғы жалдау ақысы университеттің бұрынғы қызметкеріне қолма-қол ақша және мобильді аударымдармен беріліп отырған, алайда ол университеттің есеп шотына түспеген.

Бұл фактілер ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша СДТБР-інде тіркелген.

Университеттің жаңа басшылығы 2023 жылдан бастап заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде ЖОО жатақханалары мен оқу аудиторияларын қайтару бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады, бұл туралы тиісті ақпарат БАҚ-тарда бірнеше рет жарияланды.

ҚазҰАЗУ басшылығы университет қызметін ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес қалпына келтіру бойынша барлық шараларды одан әрі жүргізетін болады" деп хабарлады ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале