21.04.2023, 16:31
Оқылды: 99

Ақтауда мотоцикл ұрлаған күдікті қолға түсті

Ақтау қаласының тұрғыны мотоциклді ұрлау дерегі бойынша полицияға арызданды. Ұрлық 14 сәуірден 15 сәуірге қараған түні болған.

a3be585c-c411-4adc-9ed6-48f4dd245581

Белгісіз адам 12-шағын аудандағы үйлердің бірінің алдында тұрған қара түсті CFmoto nk 150 мотоциклін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның көлемі – 300 мың теңге. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматтан мотоцикл тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-да тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

polisia.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале