16.11.2022, 9:30
Оқылды: 87

Ақтөбелік жігіт 7-10 жасар қыздарды алдап, жалаңаш суреттерін желіге салған

Алматыда «Тикток» әлеуметтік желісінде 7-10 жас арасындағы қыздармен хат алмасып, жалаңаш суреттерін сұраған педофил ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221115213757615e

Прокуратураның мәліметінше, Алатау ауданының прокуратурасы «Тикток» әлеуметтік желісінде 7-10 жасар қыздардың белгісіз тұлғамен хат алмасып, ойға келмейтін тақырыптарды талқылау фактісін анықтады. Осыған байланысты Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыскер сыйақы үшін балалардан жалаңаш суреттерін жіберуді сұраған және ол туралы ата-аналарына айтпауды өтінген. Алынған фото суреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге салған.
«Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы - кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарын дайындағаны және айналымға салғаны анықталды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр. Іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады прокуратурада.Аталған оқиғаға байланысты Алматы қаласының прокуратурасы ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауды сұрады. Себебі, аталған қылмыс балалардың әлеуметтік желілерді бақылаусыз пайдалануынан болғанын хабарлады прокуратурада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале