5.02.2025, 11:00
Оқылды: 168

«Ақжайық» футбол клубының мәселелесі талқыланды

Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиевтың төрағалығымен «Ақжайық» футбол клубының қаржылық жағдайы және футболшылар мен жаттықтырушылар алдындағы қарыз мәселесін шешу мақсатында жиналыс өтті.

DSC08974 (1)

Жиналысқа клубтың құрылтайшысы Гүлдария Кауиевамен бірге ҚР Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт комитетінің өкілі, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы, ҚФФ лицензиялау департаментінің директоры, БҚО футбол қауымдастығының президенті мен «Ақжайық» ФК капитаны, жаттықтырушылар құрамы, сондай-ақ, инвестициялық негізде қызығушылық танытқан «SD Family» ФК басшысы Дидар Сыдықбек қатысты.

DSC08912 (1)

Жиында талқыланған негізгі мәселе «Ақжайық» ФК футболдан ел чемпионатының І лигасында қалдыру және тарихы терең клубты сақтап қалу. Алайда «Ақжайық» ФК 2024 жылы футболшылар мен жаттықтырушылардың еңбекақысын төлемеген. (ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясы БҚО бойынша департаменті мәліметіне сүйенсек 36 адамға (ойыншылар мен бапкерлер құрамы) 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары үшін жалпы суммасы 65 252 004 теңге еңбекақы төлеуге тиіс.)  Ал, Қазақстан футбол федерациясының талабы бойынша команда ел чемпионатында ойнауы үшін бұрынғы қарыздарын жабуға тиіс.

DSC08984 (1)

Тарихы тамырлы «Ақжайық» ФК Қазақстан чемпионатының І лигасында өнер көрсетуі үшін БҚО әкімдігі барынша жылдам шешім шығаруды көздейді. Осы мақсатта «Ақжайық» ФК қызығушылық танытқан инвестормен клуб басшылары өзара келіссөз жасауына мүмкіндік жасады. Екіжақты келіссөздер 2025 жылғы 10 ақпанға дейін оң шешімін таппаса, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы футболдан ҚР чемпионатының ІІ лигасынан бастайтын басқа клубты жасақтауға мәжбүр болады. Жаңа клуб Қазақстан футбол федерациясының талаптарын сақтай отырып, қазіргі «Ақжайық» ФК ойыншыларын келісім арқылы ауыстырады. Негізгі міндет футболшылар мен жаттықтырушылар алдындағы қарызын қайтарып, өңірдегі футболдың қарқынды өсуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, балалар футболының деңгейін көтеріп, жасөспірімдер командасын жасақтап QJ League (Қазақстан жасөспірімдер лигасы) сапында өнер көрсету.

Батыс Қазақстан облысы,

дене шынықтыру және спорт басқармасының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале