13.04.2023, 16:45
Оқылды: 133

"Ақжайық" футбол командасы жеңіске жетті

Бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші турын "Екібастұз" футбол клубына қарсы сырт алаңда өткізген "Ақжайық" жеңіске жетті.

IMG-20230413-WA0187

Ойынды екібастұздық команда ширақ бастады. Десе де есепті алғаш болып "Ақжайық" ашты. Гол авторы – Мирам Сапанов. Көп ұзамай екібастұздық Стенли Нкоби есепті теңестірді. Матчтың бірінші бөлігі 1-1 есебімен аяқталды.

IMG-20230413-WA0186
Екінші тайм да алма кезек шабуылмен басталды. Бірақ "Ақжайық" ойыншылары гол соғуға жақын болды. Әсіресе Арман Смаиловтың соққылары қақпаға дарымай-ақ қойды. Бірде қарсылас қорғаушысы қайтарса, енді бірде қақпа бағанасы екібастұздық ұжымға көмекке келіп жатты. Осындай ойын сәттерінің бірінде Завен Бадоянды айып алаңында құлатқаны үшін Екібастұз қақпасына пенальти белгіленді. Оны Евгений Кобзарь сәтті орындап, "Ақжайықты" алға шығарды. Ойын соңына қарай сол Евгений Кобзарь айып добын әдемі теуіп, қорытынды есепті белгіледі. Осылайша, 1-3 есебімен қарсыласын қапы қалдырған "Ақжайық" биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

IMG-20230413-WA0184
Енді оралдық команда ел кубогінің 1/8 финал ойынын өткізу үшін Алматыға аттанады. Сәуірдің 19-ына белгіленген матчтағы қарсылас – "Қайрат".

IMG-20230413-WA0181

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале