26.10.2021, 11:53
Оқылды: 74

Ақжайықта асыл тұқымды шаруашылықтардың саны артуда

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Ақжайық ауданының әкімі Қ.Айтмұхамбетов ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштерге тоқталды.

WhatsApp Image 2021-10-26 at 11.49.29

– Біздің ауданымыздың негізгі бағыты - ауыл шаруашылығы. Халықтың әл-ауқатының өсуі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен тығыз байланысты екені аян. Өткенмен бүгінгіні салыстырып өтетін болсақ, 1997 жылы шаруа қожалықтар саны 50-ді құраса, қазіргі таңда ауданымызда ірілі-кіші 1072 шаруа қожалық жұмыс жасауда.

2021 жылдың 1 қазанына мүйізді ірі қара 106 732 бас, қой мен ешкі – 242 734 бас, жылқы – 45 146 басқа жетіп, 1997 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2,2 есе, қой мен ешкі 2,3 есе, жылқы 4,5 есе өсіп отыр.

Аудан басшысының айтуынша, мал шаруашылығындағы жүйелі жұмыстар мен оң нәтижелер мал басын асылдандыруға оң әсерін тигізуде. Соңғы он жылда ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары шет елдерден 1000 бастан аса етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алды. 2010 жылы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіретін 3 шаруашылық болса, Осындай тиянақты істердің нәтижесінде 11 жылда олардың саны 72-ге жетіп 24 есе өскен. Ауданда қазақтың ақбас тұқымын өсіретін 68 шаруашылық, Абердин Ангус өсіретін 2 және Герефорд тұқымын өсіретін 2 шаруашылық тірлігін өрістетуде.

–  2010 жылы тұқымды жылқы өсіретін 3 шаруашылық болса, қазір олардың саны 8-ге жетіп, 2,6 есеге артты. Олар көшім, жабы және мұғалжар асыл тұқымды жылқыларын көбейтуде. Сондай-ақ, ауданымызда асыл тұқымды қой өсіретін 6 шаруашылық жұмыс жасайды, – деді аудан әкімі.

Ауыл шаруашылық құрылымдарына үкімет тарапынан беріліп отырған көмек қаржы көлемі де мол.  Соңғы 10 жылда мал шаруашылықтарына 5 млрд. 747 млн. теңге субсидия төленген.

Әсел Сағын,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале