24.09.2019, 12:01
Оқылды: 326

Ақжайықта «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 5 жоба іске аспақ

Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәслихатында Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов айтты.

auyl

-«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев перспективалық ауылдарды дамыту үшін
«Ауыл - ел бесігі» атты арнайы жобаны іске асыруды тапсырды.

Осы орайда биыл Ақжайық ауданы бойынша барлығы
612 млн.теңгеге 5 жоба енді.

Күні бүгінге аудан орталығында Әбілқайырхан хан көшесі жарықтандырылды. Қалған жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Олардың қататрында №1 орта мектепті және аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратын күрделі жөндеу,  Чапаев ауылының Тәуелсіздік, Мендалиев, Қазақстан, Щурихин көшелеріндегі ауылішілік жолды күрделі жөндеу жұмысы бар, -дейді Қ.Айтмұхамбетов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале