22.12.2021, 11:00
Оқылды: 143

Аламан айтыс

25 желтоқсанда Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында Отанымыздың ұлы мәртебелі Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Бөкей ордасының 220 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты халықаралық айтыс өтеді.

1571144867_15aitys1

Сағат 11.00-де басталатын аталмыш сөз сайысына Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Тілеген Әділов, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртай, Нұрлан Есенқұлов, Шалқарбай Ізбасаров сынды қазіргі заманғы қазақ айтысының алмас қылыштары қатысады. Мәртебесі (статусы) халықаралық болғандықтан өлең-жырдың үшбу додасында Қытай мен Моңғолияның һәм Қырғызстанның айтулы айтыскерлері де бақ сынамақ. 22 ақын ой таластырып, сөз қағыстырып, жыр жарыстыратын аламан айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.

Билеттер «Атамекен» өнер ордасының кассасында сатылады. Анықтама телефоны: 8 747 280 64 35; 8 747 840 25 95.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале