1.07.2021, 12:11
Оқылды: 116

Алаяқтардан сақ болыңыз!

Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертеді.

2131E04C-D82D-40C0-A445-080BCC3AC627

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері, сондай-ақ борышкерлердің деректер базасын көрмейтінін, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтынын және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын хабарлайды. Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.

SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады.

Біз тұрғындардан қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің паспорт деректерін немесе цифрлық қолтаңбаларын бермеуді сұраймыз. Сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өз мүддесіне пайдалануы мүмкін.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

БҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале