18.03.2020, 10:44
Оқылды: 368

Алаяқтардың торына жұмыс іздеушілер шырмалуда

Алаяқтардың адамдарды алдау тәсілдері шексіз. Жедел-тергеу жұмыстары аталған алаяқтық қылмыстарының орын алуына азаматтардың сенгіштігі және белгісіз қылмыскерлердің жалған ақпараттарын нақты тексермеуі себеп болып отыр. 

alayak

Таяуда батысқазақстандық тәртіп сақшылары 13 адамды алдап үлгерген алаяқты қолға түсірді. БҚО ПД полиция қызметкерлері жүргізген «Контрафакт» жедел алдын алу іс-шарасы барысында интернет желісі арқылы «мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып беремін» деген сылтаумен бірнеше адамды алдап үлгерген 1977 ж.т. әйелдің Ақсай қаласының тумасы екені белгілі болды. Ол осы қызметі үшін жәбірленушілерден «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы банк карточкасына  350 мың мен 600 мың көлемінде ақша салуларын талап етіп отырған. Жалпы шығын 5 млн. жарым теңгені құрайды. Қазіргі уақытта ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, іс сотқа жолданды.

Облысымыздағы жұмыс іздеп жүрген азаматтар «жұмысқа орналастырамын» деген алаяқтарға сеніп,  табыс таппақ түгіл, талап еткен ақшасын жинап беріп, қолындағы барынан айырылып қалуда. Мұндай қылмыс түрлеріне ер адамдармен қатар әйелдер де араласып жатады.

Осыған ұқсас жағдай Атырау қаласының 25 жасар тұрғыны вахталық түрдегі жұмысқа орналастырмақшы болып, әр адамнан кемінде 30-35 мың тең көлемінде ақша алып, хабарсыз кеткен. Осыған ұқсас 5 эпизод тіркеліп отыр.

Аталған  фактіге сәйкес ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Айта кету керек, ағымдағы жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша 197 алаяқтық қылмысы тіркелген, өткен жылы осыған ұқсас кезеңде 196 қылмыс есепке алынған екен. Тағы бір алданудың түрі – ол ақшаны қарызға беріп, оны қайтарып ала алмау. Сондықтан облыс және қала тұрғындары аз танитын адамдарға ақша бермегеніңіз абзал.

Құрметті азаматтар, бұндай жағдайға тап болған кезде тікелей «102» нөміріне қоңырау шалуыңызды немесе бірден ішкі істер органдарына хабарласуыңызды сұраймыз. Барлық хабарламалар белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале