31.10.2019, 13:40
Оқылды: 337

Алаяқтық көбейген

                Бұл жайлы БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Аблазимовтың қатысуымен өткен жедел кеңесте айтылды. Кеңеске барлық деңгейдегі полиция бөлімдерінің басшылары қатысып, 9 айдың қорытындысы бойынша жасалған жұмыстар сарапталды.

Серік Сүйінбаев

Суретте Серік Сүйінбаев

-Тоғыз айда жеті мыңнан астам қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға азайғанын көрсетеді. Көбейген – алаяқтық фактілері. Көлікті заңсыз айдап кету мен қарақшылық деректері былтырғымен шамалас. Ауылдық жерлердегі мал ұрлығы күн тәртібінен түспей келеді. Көлік апаттары аздап азайғанымен, адам өлімі мен жарақат алу артып отыр,-дейді БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев.

Мас күйінде қылмыс жасау Жәнібек ауданында 57,1 пайызға, Бәйтерек ауданында 41 пайызға артқан. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс 8,6 пайызға азайған.

Тоғыз айда БҚО-да 226 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 88 адам қаза болған. 294 адам адам жарақат алған, олардың 20,9 пайызы ауыр жарақат.

Жыл басынан бері 3 адам өлтіру, бір зорлау, 149 ұрлық, 19 алаяқтық, 4 қарақшылық, 7 тонау, 7 бұзақылық қылмысы ашылған.

Облыстық полиция басқармасының басшылығының қабылдауына азаматтардың басым көпшілігі сотқа дейінгі тергеу мәселелері, тергеудің ұзаққа созылуы, қылмыстық істің тергеу бойынша негізсіз қысқарту, полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдану үшін жүгінген.

Нұрлыбек Нұрланұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале